Атырау, 23 желтоқсан 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қарағандыда прокурор ұсталды

2 156 рет қаралды


Қарағанды қаласы аудандық прокуратурасының қызметкері пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"2018 жылғы 16 мамыр күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудандық прокуратурасының бөлім прокуроры Е.Балхабекұлын 300 мың теңге көлемінде пара алу барысында ұстады. Ол 3 сотталушыға қатысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес қылмыстық жазаны қолдану үшін өтемақы алмақ болған", — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 Дереккөз:sputniknews.kz

17 мамыр 2018, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.