Атырау, 21 желтоқсан 21:47
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 870 просмотра

КАРАТЭ


Жапонияда Окинава аралында олимпиадалық WKF карате бойынша юниорлар арасында Азия чемпионаты өтті. ҚР құрамасы командалық есепте 2-орынды иеленіп, жарыс иелеріне ғана есе жіберді.

Бұл жетістікке Атырау спортшысы, «Қайсар» спорт клубының және ЖСШМ шәкірті, юниорлар арасындағы Әлем кубогының иегері Батырғали Әбілмансұр үлкен үлес қосып, 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Бұл титулды алу үшін ол жеңісті 5 жекпе-жек өткізді.

Осыған байланысты «Қайсар» спорт клубының негізін қалаушы Айбат Рахман ФБ-да былай деп жазды: «Күні кеше ғана біз кеңес дәуіріндегі каратэге салынған тыйымнан бастап олимпиадалық тануға дейінгі жүріп өткен бүкіл жолымызды, қарапайым құрадл-саймандарымыз бен біліміміз болмай, қолжазба дәптерлерден жинаған білімімізбен қапырық жертөлелерде қалай жаттыққанымызды  еске алған едік. Ал бүгінде ҚР құрамасы - Азиядағы ең мықтылардың бірі.

***

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ

Атырау құрамасы Шымкенте өткен ел чемпионатында алқалардың толық жиынтығын жеңіп алды.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қаһарман Қисметов бес рет жеңіске жетіп, финалда Алматы облысынан келген ұлттық құраманың көшбасшысы Демеу Жадраевтан үстем түсті. Нәтижесінде - алтын алқа алды. Жарақатына байланысты ұзақ үзілістен соң алғаш рет Азия чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері Илья Насточенко (97 келіге дейін) үлкен турнирге қатысты. Ол ерте жеңістерге қол жеткізді, соның ішінде, шымкенттік атақты палуан Әлімхан Сыздықовтан басым түсті. Бірақ финалдық жекпе-жекте Азия чемпионы қарағандылық Ерұлан Ысқақовтан жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Евгений Поливадов қабырғасынан алған жарақатымен қатысып, бірақ «қола» үшін 82 кг дейінгі салмақта көшбасшы деп саналған Рашид Качеевті жеңуге жігері жетті.

***

ДОЙБЫ

«Барыс» балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы балалар арасында 100 шаршы дойбыдан Атыраудың ашық біріншілігін өткізді.

Айта кету керек, «классикалық» 64 шаршы нұсқасы балалар үшін үйреншікті, бірақ олар 100 шаршы тақтада да ойнай алады. Дастан Қосымбаев, Данагүл және Бекарыс Жұмалиевтар, Мақсат Өтеғұлов, Жібек және Жанель Әдиет чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

***

ДЗЮДО

Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Атырау құрамасының қоржынында екі қола алқа бар: 81 кг дейін - Нұрлыхан Сүйінбай және 90 келіге дейін - Серікболсын Шынтас.

***

ЕРКІН КҮРЕС


Атыраулық спортшы Бекзат Жалғасов Ташкентте өткен юниорлар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

65 келіге дейінгі салмақта шыққан ол алғашқы жекпе-жекте Пәкістан өкілін 3:1 есебімен жеңді. Содан кейін Моңғолиядан келген спортшыны мерзімінен бұрын жеңіп, қиын жекпе-жекте жапондық спортшыны жеңді. Финалда Бекзат Иран өкілінен 3:8 есебімен ұтылды.

Спортшыны Аслан Жаманбаев, Амантай Нұрәділов және Айдос Лекеров дайындады. Бапкерлердің айтуынша, Бекзат Хорватияда шілде айында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастап кеткен.

***

ДЖИУ-ДЖИТСУ

Ақтөбеде джиу-джитсудан ҚР Кубогы өтті.

Атырау облысы құрамасының нәтижесі: «алтын» - Қуандық Жаңбырбаев, «күміс» - Дастан Қарасаев және Берік Өткелбаев, «қола» - Әлішер Ақжігітов.

Дайындаған Мұрат Сұлтанғалиев

17 мамыр 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.