Атырау, 23 желтоқсан 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

1 363 рет қаралды


"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті. Банктен ақша алып беру қызметін бүркемеленген алаяқтар карточка иесіне қатысты жеке мәліметті білуге тырысады

"Астана банкінің" клиенттеріне банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді жамылып, алаяқтық жасау жайттарының көбейіп кеткендігі ескертілді.

Банк клиенттерден мұқият болып, арандатуға жол бермеуді, сондай-ақ мұндай оқиғалар туралы хабар беруді сұрады.

"Алаяқтық жайттарының жиілеп кеткендігі туралы хабар бергіміз келеді: банктен ақша алып беру бойынша қызмет көрсетуді бүркемеленген алаяқтар картаның иесіне қатысты мәліметтерді сұрайды, яғни нөмірі, пайдалану мерзімі және CVV-коды", — делінген банк хабарламасында.

Қаржы мекемесі атап өткендей, банк туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде көрсетілген: корпорациялық сайт, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар, сондай-ақ колл-центр.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 мамыр 2018, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.