Атырау, 15 тамыз 16:16
Кешке ашық+26, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 363.28  € 414.25  P 5.44

Түрік компаниясы Қазақстанда қуаттылығы 50 МВт күн электр станциясын салмақ

16 мамыр 14:33


Түріктік Calik Energy Қазақстанда қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр станциясын салу бойынша жобаны жүзеге асырмақ, деп хабарлады сәрсенбі күні Kazakh Invest компаниясының баспасөз қызметі. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі жазды. 

Хабарламадаға сәйкес, инвестициялар және даму вице-министрі Арыстан Қабыкенов басшылық еткен Қазақстан делегациясы Түркияда ірі түрік холдингтерімен 30-дан астам кездесу өткізді. Оның ішінде Calik Holding компаниясы бар.

"Компания "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясымен бірлесіп, Қарағанды облысындағы Оңтүстік Мойынты аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниет білдірді. Өз кезегінде, оның еншілес ұйымы Calik Energy қуаттылығы 50 МВт болатын күн электр стансасын салу жобасын жүзеге асыруға ниетті", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, кездесуде Ronesans Holding басқарма төрағасы Эрман Ылыджак Қазақстанда МЖӘ тетігі бойынша ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытты. Қазақстан тарапынан бірқатар МЖӘ жобалары ұсынылды.

YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесу барысында инвестициялар және даму вице-министрі компания "Ақтау халықаралық әуежайын" сенімді басқаруға алу арқылы, Қазақстанда МЖӘ тетігі бойынша алғашқы инвесторлардың бірі болғанын атап өтті.

"2018 жылы Ақтау қаласындағы әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мен оны пайдалануға беру жөнінде концессия шарты жасалды. Бүгінде компания Астана қаласында мектеппен біріктірілген бала бақша құрылысының жобасына қызығушылық танытып отыр", – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Dal Holding-пен кездесуде Ақтөбе облысындағы газ электр стансаларының есебінен электрмен, жылумен және көмірқышқыл газымен қамтамасыз етілетін жылыжай кешенінің жобасы, сондай-ақ, Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 75 мың тонна барит концентратын өндіретін тау-кен байыту комбинатының құрылысын салу және оны пайдалануға беру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланғаны хабарланды.

Сондай-ақ инвестиция апталығы аясында Dal Holding, Calik Holding, Eczacıbaşı Holding, Yildirim Holding, Bak-Ay Tekstil, Betek Boya Kimya, Merkez Asya Madencilik, Yasar Holding, Petronet Holding, Yildizlar SSS Holding, Anadolu Birlik Holding, Sanko Holding, Matli Holding, Tarim Kredi Holding, Abdi Ibrahim, MLPCare Holding және т.б. компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізілді.

Дереккөз: today.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

268 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Еуропалықтар Елтайда күн электр станциясы мен жылыжайды бір жылдың ішінде салып бітіреді  1211 рет қаралды

Күн, жел және... қоқыстан қуат алайық  1059 рет қаралды

​Құлсарыда күн электр станциясы салынады  1349 рет қаралды

Наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады  1633 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6