Атырау, 23 желтоқсан 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қасымов Астана ІІД үшін неге бес жұлдызды қонақ үй таңдалғанын айтты

1 491 рет қаралды


Астана ІІД-ні Ramada Plaza қонақ үйіне ауыстыру мәселесі әлі қаралып жатыр. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Астана ішкі істер департаментінің Ramada Plaza қонақ үйінің ғимаратына ауысуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұл мәселе әлі қаралып жатыр. Бұл қонақ үй саудаға шығарылған болатын. Бізге үш ғимарат қажет. Біз барлығын бір жерде біріктіргіміз келеді", — деді Қасымов үкімет кулуарында. 

Бұған дейін елорданың ішкі істер департаменті Ramada Plaza қонақ үйіне көшуі мүмкін екені хабарланған еді.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 мамыр 2018, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.