Атырау, 3 наурыз 21:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 502.60
€ 589.95
₽ 6.50

Бюджет қаражатын игермегендер арасында қорғаныс министрлігі көш бастап тұр

1 774 рет қаралды


2018 жылдың қаңтар-сәуірінде республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 982 миллиард теңгені құрады. Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында алғашқы төрт айда республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Республикалық бюджет шығыстары 2 триллион 982 миллиард теңгені құрады. 97 миллиард теңге бюджет қаражаты орындалмады. Бұл сома 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге аз. Былтыр 1 мамырда 169 миллиард теңге игерілмеген еді. Оның 11 миллиард теңгесі –үнемдеу, ал игерілмеу сомасы 86 миллиард теңге", — деді министр үкімет отырысында. 

Сұлтанов бюджет қаражатын игермеу бойынша қорғаныс министрлігі көш басында екенін атап өтті.

"Ең ірі сома – 35 миллард теңге қорғаныс министрлігінде қалып отыр. Негізгі себептері – әдеттегідей келісімшарттар мен қосымша келісімшарттарды ұзақ жасау, конкурс рәсімдерін кеш әрі ұзақ жүргізу", — деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ, ол жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 триллион 197 миллиард теңгені құрағанын мәлімдеді. 

"Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда игерілмеген сома азайып, 24,5 миллард теңгені құрады. Былтыр 58 миллард теңге игерілмеген еді", — деді министр.

Дереккөз: sputniknews.kz

15 мамыр 2018, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.