Атырау, 23 желтоқсан 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 24,3 пайызға ұлғайды

2 146 рет қаралды


Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 24,3 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2018 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Сыртқы сауда айналымның өсуі жылдамдады. Бұл экономиканың нақты саласындағы іскерлік белсенділіктің нәтижесі. Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 24,3 пайызға ұлғайды. Экспорт 27 пайызға өсті. Бұл ретте, шикізаттық емес тауарлар экспортының өсімі 11,2 пайызды құрады. Импорт 19,4 пайызға артты. Ол негізінен импортталған инвестициялық тауарлардың есебінен өсті. Олардың ұлғаюы 25,7 пайызды құрады», - деді ол. 

Сонымен қатар министр еңбек нарығында тұрақтылық сақталып отырғанын, ағымдағы жылдың басынан 134,8 мың адам жұмысқа орналастырылғанын айтты. 

«Ағымдағы жылғы сәуірде жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды және 4,9 пайызды құрады. Айтарлықтай ұзақ мерзімнен кейін, ағымдағы жылдың басынан бастап нақты еңбекақының өсуі байқалады. Ол 1,2 пайызды құрады. Қаңтар-сәуірде орташа айлық еңбекақы 152,3 мың теңге болды», - деді Тимур Сүлейменов.

Дереккөз: inform.kz

15 мамыр 2018, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.