Атырау, 19 сәуір 22:07
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​"Бес рет пышақ ұрған". ОҚО-да экс-прокурор өз әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

2 009 просмотра


ОҚО-да экс-прокурор өз әйелін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды. Оқиға Шымкенттегі университеттердің бірінің дәлізінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әл-Фараби аудандық сотының координатор судьясына сілтеме жасап. 

Әл-Фараби аудандық соты күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Іс материалдары бойынша, 40 жастағы ер адам Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ оқу корпусына әйелінің жұмысына келіп, жанжал кезінде оның кеудесіне бес рет пышақ салған. 

"Ол Мұхтар Әуезов атындағы университет ғимаратына келіп, 17:30 шамасында жанжалдасқан. Жұмыс уақыты еді. Ұрыс кезінде ер адам өз әйелін асхана пышағымен жарақаттаған. Ол пышақты өзімен бірге алып келген. Ол кеудесіне бес рет пышақ ұрған", - деді судья Ғани Байарыстан.  

Судьяның мәліметінше, қаза тапқан әйел университет деканатында іс жүргізуші болған. Ер адам қылмыс кезінде жұмыссыз болған, бірақ оның алдында құқық қорғау органдарында қызмет еткен.  

"Бұған дейін ол Абай аудандық прокуратурасында прокурордың көмекшісі болған. Марқұм әйел деканатта іс жүргізуші болып жұмыс істеген. Олардың кәмелетке толмаған баласы бар", - деді Байарыстан.  

Ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Ер адам қылмысы дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 мамыр 2018, 16:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.