Атырау, 23 желтоқсан 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Теміртаулық 20 жастағы жігіт бес адамға оқ атты деген күдікпен ұсталды

2 198 рет қаралды


Теміртау қаласының 20 жастағы тұрғыны қасақана адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, 2018 жылдың 10 мамырында Теміртау қаласындағы үйлердің бірінен 18 бен 25 жас аралығындағы 5 ер адам оқ жарақатымен жедел жәрдем арқылы емханаға жеткізілген. Жедел іс-шаралар барысында қаланың 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жәбірленушілерге арадағы келіспеушілік салдарынан оқ атқанын мойындады. Қазіргі уақытта 20 жастағы күдікті қамауға алынды. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 24,99 бабының 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

14 мамыр 2018, 14:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.