Атырау, 22 желтоқсан 12:17
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Сирия бойынша Астана процесінің тоғызыншы кезеңі басталады

2 013 рет қаралды


Сириядағы жағдайды реттеуге бағытталған Астана процесінің тоғызыншы кезеңі  басталады. 

Елордаға Сириядағы ахуалды талқылау үшін Ресей мен Иранның және Түркияның өкілдері келді. Ресей делегациясын  Сириядағы мәселелер жөніндегі ел президентінің арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастаса, Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал да өз елінің атынан сөз ұстауға бекінді.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары  Хосейн Ансариға сенім артыпты. Келіссөзге келгендер Сирияның төрт аймағындағы яғни Шығыс Гута, Хомса, Идлиб және елдің оңтүстігіндегі жағдайға қатысты ой бөлісіп, пікір айтады. Сенімнің нығаюы, гуманитарлық көмек жөнінде де әңгіме өрбиді деп күтілуде.

Дереккөз: 24.kz

14 мамыр 2018, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.