Атырау, 29 сәуір 20:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

ОҚО-да қыз алып қашып, әлеуметтік желіні шулатқандар табылды

1 953 рет қаралды


Оңтүстік Қазақстан облысында қыз алып қашып, әлеуметтік желіде танымал болған видео кейіпкерлерінің тұлғасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Жуырда БАҚ-та және әлеуметтік желіде қырыққабат сатумен айналысатын қызды алып қашқан сәт түсірілген видео тарап кетті. Оқиға ОҚО-да болған. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ролик кейіпкерлерінің тұлғасын анықтады. Олардың барлығы ОҚО тұрғындары. Қыз да, оның туыстары да ешкімге кінә артып отырған жоқ. Қазіргі кезде қыз тұрмысқа шыққан», - дейді ведомство өкілдері.

Енді қыздың туыстары сол видеороликті желіге таратқандарды сотқа бермек.

Дереккөз: inform.kz

14 мамыр 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.