Атырау, 28 наурыз 14:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​"Астана банкі" клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқартты

1 452 просмотра


11 мамырдан бастап коммерциялық банктің филиалдары мен бөлімдері жаңа кесте бойынша жұмыс істейді. "Астана банкі" АҚ-да уақытша жұмыс режимі бекітілді: банктің филиалдары мен бөлімдері клиенттерге қызмет көрсету мерзімін қысқартты.

"2018 жылдың 11 мамырынан бастап "Астана банкі" АҚ филиалы мен бөлімдерінде клиенттерге қызмет көрсету бойынша уақытша жұмыс режимі бекітілді: дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-ден 16:00-ге дейін; Атырауда – 10.00-ден 16:00-ге дейін. Сенбі, жексенбі — демалыс", — делінген банктің сайтында.

Айдың басында Астана банкі жеке тұлғалар үшін карточкамен төлеу мөлшері уақытша айына 100 мың теңгеге дейін шектелгенін хабарлаған болатын. Бірақ клиенттер көрсетілген лимит ішінде де ешқандай операция орындай алмай отырғандарын айтып шағымданған еді.

Кейінірек Астана банкі хабарлағандай, салымшылар алдындағы борышын өтеу үшін Ұлттық банктен шұғыл қарыз алу туралы келіссөздер жүріп жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 мамыр 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.