Атырау, 23 желтоқсан 04:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандық бизнесмен Ертаев Ресей азаматтығын сұрады

1 673 рет қаралды


Мәскеу соты Жомарт Ертаевты ұстау мерзімін 13 мамырға дейін ұзартты. Танымал банкир Жомарт Ертаев Ресей азаматтығын алуды сұрады.

Бейсенбі күні Мәскеуде сот отырысы болып, оны қамауға алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Сот қабылдаған шешім бойынша, қосымша айғақтарды, оның ішінде РФ азаматтығын алу туралы өтінішін қарау қорытындысы ұсынылғанша Ертаевты ұстау мерзімі ұзартылды", — деп судья мерзімді 13 мамыр сағат 20.00-ге дейін ұзартты.

Мәскеу прокуратурасы Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген Ертаевты еліне экстрадициялау үшін бұлтартпау шарасы ретінде 16 маусымға дейін қамауға алуды сұрады.

Банкир 8 мамырда Мәскеуде ұсталған болатын. Аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Жомарт Ертаевқа халықаралық іздеу салынған.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 мамыр 2018, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.