Атырау, 23 желтоқсан 04:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің үйқамақта болу мерзімі ұзартылды

2 167 рет қаралды


Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтің үйқамақта болатын мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, вице-министр 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін үйқамақта болады.

«21 сәуір күні Астана қаласының Алматы аудандық соты Ғани Сәдібековтің үйқамақта болу мерзімін 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартты», - делінген Астана сотының баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетсек, Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталған. Оған «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісім жасап, Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Қылмыстық схемаға Энергетика министрлігі департаментінің басшысы Ж. Нұрбеков пен мердігер өкілдері С. Жұмалинов және Б. Кәдірберлин қатысқан. Ғани Сәдібеков қол қойған жалған актілерге сәйкес Энергетика министрлігі 2017 жылы атқарылған жұмыстардың ұлғайтылған көлеміне 3,6 миллиард теңге төлеген. Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Бұл дерек ақшаны тінту шаралары барысында анықталды. Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.

2 наурызда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты күдікті Ғани Сәдібековті қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қарастырды. Сот күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолданды.

Ғани Сәдібеков 1967 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Түрлі жылдары (12.2009 - 12.2010 жылдар) Жамбыл облысы әкімі аппаратында басшы қызметін, 2010-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Ал Энергетика вице-министрі қызметіне 2016 жылдың 3 мамырында келді.

Дереккөз: Baq.kz

10 мамыр 2018, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.