Атырау, 15 тамыз 16:16
Кешке ашық+26, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 363.28  € 414.25  P 5.44

Спорт жаңалықтары

10 мамыр 00:00

ТАЕКВОНДО

Мәскеуде таеквондодан Бүкілресейлік «Патриот» ашық турнирі өтті. Оған Атырау қаласының спортшылары да қатысты.

Юниорлар арасында Алина Дадикенова (44 кг дейін) күміс алқа, Мерген Ғаниев (78 кг дейін) қола алқа жеңіп алды. Ересектер арасында Сағдат Жолдасбаев (63 келіге дейін) күміс алқа және Айгүл Елубай (73 келіге дейін) қола алқа иеленді.


ДЗЮДО

Көрнекі сурет.
2003-04 жж. ұлдар мен қыздар арасында Шымкентте өткен республикалық турнирде Атырау облысының құрамасы сәтті өнер көрсетті.

Аяулым Наурызбаева алтын, Бибінұр Эдуардова мен Ораз Мәди күміс, Құмар Олжас, Арсен Өтеулиев, Байболсын Қарасаев, Ерасыл Әнесов, Гүлсімай Отарбаева және Әйгерім Қаметова қола алқа иеленді. Спортшыларды жаттықтырушы Б. Жұмабаев дайындады.

* * * * *

Өскемен қаласында 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында дзюдодан өткен Қазақстан чемпионатында Атырау облысының құрамасы командалық есепте екінші орынға ие болды.

Қанат Сейілхан, Ақжол Қайыпхан және Саида Қапсалықова чемпиондар, Әйгерім Төреғожина мен Азамат Жексенбаев қола жүлдегерлер атанды. Спортшыларды М.Есмағамбетов, Қ.Сүлейменов және Р.Құлбаев дайындады


КАРАТЭ

Таразда карате-до шотокан бойынша ҚР чемпионаты өтті. Турнирге еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысты.

«Жолбарыс» спорт клубының жаттықтырушысы, қара белбеу иегері (5-дан) Ерікқали Қойшыкеновтің шәкірттері Атыраудың намысын қорғады. Өз жас ерекшеліктері мен мен салмақ дәрежелері бойынша Бекзат Саинов (№22 мектеп), Земфира Қапанова (№1 мектеп), Гүлназ ­Өсербай (№1 мектеп), Мәдина Бақытова (Агроколледж) чемпион болды.


САМБО

Алматыда Жеңіс күніне арналған халықаралық турнир өтті. Оған Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 200-ге жуық спортшы қатысты.

Жеңімпаздар қатарында Атыраудан Темірлан Оразов, Наурызбек Майлашев және Еламан Төрехановтар бар.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

637 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Спорт жаңалықтары  1412 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  1675 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  1534 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  1422 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6