Атырау, 23 желтоқсан 04:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Елбасы: Қарулы Күштеріміз халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны

2 090 рет қаралды


Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жауынгерлік парад басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Нұрсұлтан Назарбаев «Отар» әскери базасында жауынгерлік парад өтіп жатыр Қазақстандықтар жауынгерлік парадтың басталуын күтіп отыр «Қымбатты қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар! Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Отан қорғаушы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баһадүр бабалар Ұлы Даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды.

«Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген  дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, Тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр. Бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы Күштеріміз халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны», - деп атап өтті Елбасы. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, 3 мыңнан астам сарбаз парадқа жіті дайындықтан өтті.  Әскери база аумағында жауынгерлік техниканың арнайы көрмесі көпшілік назарына ұсынылған. Парадты тамашалауға келгендер осы көрмедегі соңғы үлгідегі әскери технологияларды тамашалауда.  Дәстүрлі түрде жеке құрам салтанатты маршпен жүріп өтеді. Парадқа 300-ден астам әскери техника, 40-қа жуық авиация техникасы қатысады. Армиялық бөлімшелер әскери техниканың заманауи үлгілерін іс жүзінде қолдану тәсілдерін көрсетеді деп күтілуде.

Дереккөз: inform.kz

7 мамыр 2018, 13:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.