Атырау, 12 қараша 12:34
 дождьВ Атырау +4.1
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті

2 292 рет қаралды


Әртүрлі жарақат алған балаларға медициналық жәрдем көрсетілді. Астанада қатты желден батут аударылып, бес бала зардап шекті, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

"16.50-де "Жаннұр" сауда орталығы аумағында орналасқан батуттың қатты желден аударылып қалғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем барды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Бастапқы мәліметке сүйенсек, оқиға салдарынан бес бала зардап шегіпті – әртүрлі жарақат алған балаларға жәрдем көрсетілген.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

4 мамыр 2018, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.