Атырау, 23 желтоқсан 05:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Оралда мерекеге дайындық кезінде 8 оқушы ауруханаға түсті

1 601 рет қаралды


Оралда мерекелік шараға дайындалып жатқан оқушылар бірінен соң бірі бастары айналып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оқиға Отан қорғаушы күніне орай П.Атоян атындағы стадионда қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысқан шара кезінде орын алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, алдымен сағат 09.12-де жедел жәрдем стансасына қоңырау шалынған. Бірнеше оқушы басым айналды деп шағымданған. Бір оқушы талып құлаған кезде басынан жарақат алған. Облыстық ауруханаға жеткізілген оқушының бас-ми жарақатын алғаны және миы шайқалғаны анықталды. 

Тағы жеті оқушы облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Оларға зорығу деген алдын ала диагноз қойылған. 

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Дереккөз: inform.kz

4 мамыр 2018, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.