Атырау, 23 желтоқсан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Таразда судья пара алып жатқан жерінен ұсталды

2 779 рет қаралды


Тараз қалалық сотының судьясы 650 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті ҚР Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, Тараз қалалық сотының судьясын 650 мың теңге көлемінде пара алу кезінде ұстады. Ол мүлікті бөлу туралы азаматтық іс бойынша үкім қағазын беру үшін жеке тұлғадан пара алған», - делінген хабарламада. 

Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Дереккөз: inform.kz

4 мамыр 2018, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.