Атырау, 14 қаңтар 12:29
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Елбасы Ю.Б.Померанцевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды

2 238 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Ю.Б.Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін «М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» РМҚК артисі Юрий Борисович Померанцевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.                                    

Қазақстан Республикасының Президентi  Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 3 мамыр    

№ 678                       


Дереккөз: 24.kz

4 мамыр 2018, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.