Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті бейсенбі күні қайтыс болды. Мәскеуде МГИМО терезесінен құлап кеткен қазақстандық қыз көз жұмды.
21 жастағы қыз бейсенбі күні ресейлік ауруханада жан тапсырды.
"Таңғы 4.00-те көз жұмды", — деп мәлімет берді Склифосовский атындағы ҒЗИ РИА Новости агенттігіне.
Сыртқы істер министрлігі қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық қыз 13 сәуірде Дағыстан тумасы — басқа бір оқу орнының студентімен сөйлесіп тұрған. Кей деректерде айтылғандай, екеуі қыз-жігіт болып жүріп жүрген көрінеді. Мәліметтердің біріне сүйенсек, екі жас бір-біріне дауыс көтеріп, жігіт терезені ашып, қызды итеріп жіберген. Жедел жәрдем зардап шеккен бойжеткенді ауруханаға жатқызды. Қыз көптеген сынық жарақатын алып, басына зақым келген.
Кейінірек Дағыстан тумасы қарама-қайшы түсініктеме беріп, қазақстандық студентпен болған оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.
Дереккөз: sputniknews.kz