Атырау, 23 желтоқсан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Елбасы жоғары әскери және арнаулы атақтар беру туралы Жарлыққа қол қойды

3 440 рет қаралды


2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасының  Президенті бірқатар тұлғаларға жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Оған сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы Жанжүменов Талғат Жеңісұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы Білісбеков Нұрғали Дәулетбекұлына, Өсіпов Марат Сапарұлына; 

сыртқы барлау генерал-лейтенант арнаулы атағы Байжанов Ғабит Жақыпбайұлына; 

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Кененбаев Ерлік Әбдірақымұлына; 

генерал-майор әскери атағы Абыкеев Ұларбек Ташықұлұлына, Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына, Бочаров Дмитрий Владимировичке, Көпбаев Қайрат Рашидұлына, Қалиев Арман Зарлықұлына, Ізтілеуов Серік Бақытжанұлына; 

авиация генерал-майоры әскери атағы Подгайский Евгений Евгеньевичке; 

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Оңғарбаев Сабыржан Ибрагимұлына, Рақымбердиев Бақытбек Төлешұлына; 

сыртқы барлау генерал-майоры арнаулы атағы Оразов Нұрлан Оразұлына; 

полиция генерал-майоры арнаулы атағы Абисатов Махамбет Хайыржанұлына, Баймурзин Арманбек Хакімбекұлына, Қабденов Мұрат Талапұлына, Сүлейменов Жанат Қуанышұлына; 

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Дембаев Болат Бекназарұлына, Жылқыбаев Азамат Сембайұлына; 

3-санатты жоғары біліктілік сыныбы Әзбергенов Дулат Байдалыұлына берілді.  

Жарлық мәтіні баспасөзде жарияланды. 

Дереккөз: inform.kz

3 мамыр 2018, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.