Атырау, 20 сәуір 14:40
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Сапасыз тауар сататындарға «Сенбейміз» деген айдар тағу қажет - Үкімет басшысы

1 830 просмотра


Үкіметтің бүгінгі отырысында тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесі қаралды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Негізгі баяндамалардан кейін Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдардың басшыларына ескерту жасады. 

«Негізі, бүгінгі біздің отырысымызға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ұйымдардың өкілдерін шақыру керек еді. Атқарылып жатқан шараларды өзіміз ғана талқылап қоймай, оларды да тыңдап шыққан дұрыс», - деді Б.Сағынтаев. 

Премьер-Министрінің айтуынша, осы салада тиісті шаралар атқарылса да, құқықбұзушылық фактілері азаятын емес. 

«Жаңа өзіңіз айтып отырсыз ғой, біздің тарапымыздан қажетті шаралар қолға алынғанмен кейбір сауда орындары мен басқа да мекемелер стандартқа сай келмейтін азық-түлікті және басқа да өнімдерді сатып жатыр. Бәлкім, Талдықорғанның тәжірибесін кеңінен таратамыз? Ол жақта біреу сапасыз тауарды сатып, заңды бұзса, онда ғимараттың шекесіне «Сенбейміз!» деген үлкен билбордты іліп қояды. Тура солай заңды жиі бұзатын сауда үйлері мен компаниялар жайында ашық айту қажет. Оларға «Сенбейміз!» деген айдар тағу қажет. Меніңше, xалық ол бастаманы қолдайды. Біз өз тарапымыздан қанша жұмыс атқарсақ та, бизнестің бетбұрысы өзгермесе, осы қалпында қала береміз», - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Дереккөз: inform.kz

2 мамыр 2018, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.