Атырау, 26 сәуір 11:09
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Астана" банкі қолма-қол ақша беруді шектеу мерзімін 1 маусымға дейін ұзартты

2 362 просмотра


"Астана" банкі бірінші маусымға дейін қолма-қол ақша беруге шектеу қойды, деп хабарлайды Today.kz.

Банктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында физикалық тұлғалар ағымдағы шоттарынан, депозиттері мен төлем карталарынан шығыс операцияларын жүргізе алмайтыны хабарланды. Кредиттік карталар шығыс операцияларын жүргізбейді. Операциялар Western Union, Лидер, "Алтын тәж" жүйелері арқылы жүргізілмейді. 

Банкте басқа да шектеулер бар. 

"АТМ банкоматтарынан картамен айына 100 000 теңге шешуге болады. Банк ішіндегі аударым операциялары, соның ішінде өз банк шоттарының арасында жүргізілетін операциялар үшінші тұлғаның пайдасына күніне 50 000 теңге", – делінген банктің мәлімдемесінде.  

Заңды тұлғалар үшін де шығыс касса операциялары ағымдағы және жинақ шоттары бойынша жүргізілмейді. 

Банк бірінші кезекте жалақы мен студенттерге, интерндерге, магистранттарға стипендияларын береді. Екінші кезекте салық төлеу сияқты бюджетке төлемдер, әлеуметтік және зейнетақы төлемдері жүргізіледі. Басқа төлемдер күнтізбелік кезекпен жасалады. 

Банк потенциалды инвесторлармен келіссөз жүргізіп жатыр. 

Дереккөз: today.kz

2 мамыр 2018, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.