Атырау, 23 желтоқсан 05:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ҚТЖ пойыздағы әйел адамның қазасына қатысты түсініктеме берді

2 176 рет қаралды


Жолаушы әйел бірнеше жыл бойы созылмалы аурумен ауырған екен. "Қазақстан темір жолы" еншілес компаниясы — "Жолаушылар тасымалы" АҚ Алматы — Астана бағдарлы пойыздағы әйел адамның қазасына қатысты пікір білдірді.

"Алматы — Астана бағдарлы пойызында әйел адамның көз жұмуы №5 жолаушылар вагонындағы жағдаймен байланысты емес. Әйел адаммен бірге келе жатқан жұбайы жолсеріктердің әрекетіне ешқандай шағым түсірмейтіні туралы жазбаша түсініктеме беріп, әйелінің қазасына он жылдан астам уақыт бойы күрескен ауыр созылмалы науқас себеп болғанын растады", — делінген компания хабарламасында.

Мекеме түсіндіріп өткендей, Шу станциясына жетуге 15 минут қалғанда жолсеріктерге әйелдің науқасы асқынып, өзін нашар сезіне бастағанын хабарлаған. Пойыз басшысы медициналық бригаданы шақырып, дәрігерлер станцияға жеткенше алғашқы жәрдем көрсеткен.

"Әрі қарай Шу — Отар аралығында жолаушының жағдайы күрт төмендеп, пойыз бастағы тағы да жақын маңдағы станцияға "жедел жәрдем" шақырған, бірақ өкінішке орай Отар станциясында фельдшер әйел адамның көз жұмғанын мәлімдеді", — делінген хабарламада.

Компания қайтыс болған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты.

Дереккөз: sputniknews.kz

2 мамыр 2018, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.