Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Мәжілісте газ және газбен жабдықтауға қатысты заңға өзгерістер талқыланады

1 573 рет қаралды


Мәжілісте кезекті жалпы отырыс белгіленген. Депуттар газ және  газбен жабдықтауға қатысты заңға енетін өзгерістерді талқылайды. Күн тәртібінде сақтандыру және сақтандыру қызметі жөніндегі мәселе де бар. 

Сонымен қатар бүгін бірқатар құжатты ратификациялау да жоспарланып отыр. Мәселен, 1992 жылғы 6 шілдедегі ТМД Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қаралады және Қытайдан Қазақстанға тікелей инвестициялар салуды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салықтан босату туралы келісімге қатысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі белгіленуі тиіс.

Дереккөз: 24.kz

2 мамыр 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.