Атырау, 19 сәуір 11:24
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жаңаөзенде нөмірі жоқ қымбат көліктер жол ережесін бұзды

Бейнежазба
2 498 просмотра


Жаңаөзенде адам көп өтетін көшелердің бірінде нөмір тағылмаған үш көлік жол ережесін өрескел бұзды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Мемлекеттік нөмір тағылмаған үш көлік: Lexus LX570, Toyota Land Cruiser 200 және Volkswagen Touareg жол ережесін бұзып, адам өміріне қауіп төндіріп айдаған кезі видеоға түсіп қалды.

Бұған дейін Toyota Land Cruiser және Lexus LX570 көліктері түнде де нөмірсіз және жол ережесін бұзып көшеден өткен.

Кейін полиция өкілдері ереже бұзғандардың кім екені анықталғанын хабарлады. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің бес бабына сәйкес хаттама толтырылған. Енді аталған көлік жүргізушілері 158 730 теңге айыппұл төлейді.



Дереккөз: Baq.kz

30 сәуір 2018, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.