Атырау, 23 желтоқсан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Аралда кішкентай қыз ыдыстағы суға тұншығып, мерт болды

2 317 рет қаралды


Қазақстанда өткен тәулікте екі бала суға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғашқы оқиға Атыраудағы Ширина ауылында болған.  2008 жылы туған бала абайсызда айлақтан Жайық өзеніне құлап, батып кеткен. Оның денесін судан жергілікті тұрғындар алып шықты.  

Екінші жағдайда Аралда бір жастағы қыз 50 литрлік су құйылған ыдысқа түсіп кеткен. Оны ата-анасы тауып алған.  Қос оқиға да балалар қараусыз қалып қойған сәтте болған. 

Дереккөз: tengrinews.kz

30 сәуір 2018, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.