Атырау, 5 шілде 09:14
 дождьВ Атырау +25.4
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11

Данияр Елеусінов америкалық боксшыны нокаутқа түсірді

2 486 рет қаралды


Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.  

Данияр Елеусіновтің америкалық боксшы Ноа Киддқа қарсы жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өтті.

Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сөйтіп Данияр өзінің кәсіби бокстағы бірінші жеңісін тойлады. 

Еске сала кетейік, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов АҚШ-та кәсіби рингте өтетін өзінің дебюттік кездесуі алдында сұхбат беріп, жоспарларымен бөліскен болатын. 

Дереккөз: inform.kz

29 сәуір 2018, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.