Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2,6 триллион теңге беріледі - Назарбаев

1 519 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлінетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз жайдан-жай ештеңе ұсынбаймыз. Мән әлі нақты ұсыныс жасаған жоқпын. Дәлірек айтатын болсам, мұның барлығы мемлекетке арзанға түспейді. Сондықтан бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр", - деді Президент. 

"Бұл үлкен қаражат. Ол біздің азаматтарымыздың болашағына арналған инвестициялар. Біздің халық мұны лайықты бағалайды деп сенемін. Және біз әрі қарай да осы саясатты ұстанатын боламыз", - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Нұрсұлтан Назарбаев "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеу жариялаған болатын. 

Дереккөз: tengrinews.kz

28 сәуір 2018, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.