Атырау, 23 желтоқсан 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​ҚР СІМ Корея Республикасы мен КХДР арасындағы саммит қорытындысына қатысты мәлімдемесі

2 246 рет қаралды


Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 27 сәуірде Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен Корея Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және кореяаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды. 

Қазақстан Корея түбегіндегі жағдайды диалог пен келіссөздер арқылы реттеу процессін қолдайды және саяси-дипломатиялық шешім күрделі халықаралық мәселелерді қарастырудағы жалғыз дұрыс амал болып табылатындығына сенімді. Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде «Корея түбегінің бейбітшілігі, гүлденуі және бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын» құптайды және Корея түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды. 

Осы жылдың басынан бері екі Корея арасындағы белсенді диалог кореяаралық саммит және Пхеньянның ядролық сынақтардан және зымырандарды ұшырудан бас тартуы сияқты айтарлықтай нәтижелерге жеткізді. 

Осы тұрғыда ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық арсеналдан бас тарту, тиісті әскери инфрақұрылымды жою, ЯҚТШ мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске асырып, ілгерілетуге қатысу туралы Қазақстанның шешімі еліміздің табысты және тұрақты дамуының кепіліне, белсенді сыртқы саяси бағыттың негізіне және аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының біріне айналуы үлгілі жағдай болып табылады.

Дереккөз: 24.kz

28 сәуір 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.