Атырау, 23 желтоқсан 07:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

АҚШ Иранға "адам құқығын бұзғаны үшін" санкция салмақ

1 839 рет қаралды


АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы Иран билігінің лауазымды өкілдеріне адам құқығын бұзуына байланысты санкция салуды қарастыратын заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы мәлімдеме өкілдер палатасының халықаралық істер жөніндегі комитетінің сайтында жарияланды.

Заң жобасы бойынша, шектеу шаралары Иранда АҚШ азаматтарының саяси себеппен заңсыз түрмеге жабылуына қатысы бар шенеуніктерге қолданылады. Құжатта сонымен қатар Ақ үйден сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін ирандық компанияларға санкция салу қажет пе деген мәселені шешу талап етілген.

Дереккөз: azattyq.org

28 сәуір 2018, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.