Атырау, 20 сәуір 09:32
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​ҚР Ұлттық экономика министрінің қос орынбасары тағайындалды

2 256 просмотра


Бүгін Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жаңа орынбасарларын таныстырды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз хатшысы Самал Ибраева Фейсбуктегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат

«Оларды таныстыра келіп, Тимур Сүлейменов Мәдина Жүнісбекованың алдында мемлекеттік органдар мен жобалық басқарудағы стратегиялық жоспарлау мен талдау, әлеуметтік саясат және даму мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұрғандығын баяндады. Өз кезегінде, Дана Жүнісованың алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету міндеті тұр» делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, жазбада министрдің жаңа орынбасарларының жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін пайдаланатындығына сенім білдіргені айтылған. 

«Жаңадан тағайындалған вице-министрлер Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова басшылыққа сенімі үшін алғыс айтты және ел дамуы жолында алда жемісті жұмыс жасауға әзірлігін білдірді», - деп жазады ҰЭМ баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Мәдина Жүнісбекова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №218 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды. Ал, Дана Жүнісова Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі №219 қаулысымен Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды.

Дереккөз: inform.kz

27 сәуір 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.