Атырау, 27 сәуір 10:36
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Нұргүл Мауберлинова ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

2 960 просмотра


ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы ақпарат және коммуникациялар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұрын вице-министр лауазымында Алан Әжібаев болған еді, ол берген өтінішіне сәйкес бұл лауазымынан босатылды.

Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы бастаған. Түрлі жылдары мемлекеттік органдар құрылымы мен коммерциялық секторда қызмет еткен.

2006–2008 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.

2008–2012 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.

2012–2016 жылдары ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі лауазымында болды.

2016 жылдың шілде айынан қазіргі кезге дейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Дереккөз: primeminister.kz

26 сәуір 2018, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.