Атырау, 27 сәуір 12:14
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Үрейге толы вагон: жолаушылар жаппай шағымданып жатыр

Сурет
2 694 просмотра

Куәгерлер жолдаған сурет


Қостанай-Алматы пойызының купе вагонында жолаушылар түні бойы қараңғыда отырған. Sputnik Қазақстан редакциясына 25 сәуірде №43 Қостанай-Алматы пойызына мінген жолаушылар хабарласып, болған жайтты айтып берді.

Олардың сөзіне сүйенсек, №12 купе вагонда жол бойы жарық болмаған, ал пойыз басшысы шағымдарды құлағына да ілмепті.

"Қарағандыдан Алматыға жектенімізше, түні бойы вагон іші тас қараңғы болып тұрды. Жолсеріктердің айтуынша, генератор істен шыққан соң, алты күннен бері вагонда жарық жоқ екен. Біз пойыз басшысынан жауап талап етіп едік, әңгімелеспек түгіл, құлағына да ілген жоқ", — деп хабарлады пойыз жолаушысы.


Куәгерлер жолдаған сурет.

Жарықтан бөлек, жалпы вагонның өзі апаттық жағдайда, дейді жолаушылар.

Осы пойыз үшін жауапты "Астана-Түрксіб" компаниясы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Куәгерлер жолдаған сурет
"Бұл пойызға техникалық қызмет көрсететін "Вагон-Сервис" АҚ. Біз қазір солармен мәселені шешіп жатырмыз, хабарласып, білеміз. Вагонның бояуы кете бастаса, апатты жағдайда деген сөз емес, жарықтың болмауынан да ондай қорытынды шығаруға келмейді. Қыста аяз қатты болды, қазір вагондарды жуып, енді қайта сырламақпыз. Біреуін шешіп, сырлап, қайтадан тіркедік. Бір дегенде бүкіл вагонды сырлай алмаймыз ғой. Қыста қатты аяз салдарынан, бояудың қабыршақтанып түсіп қалуы бірінші рет болып отыр", — деді Астана-Түрксіб" компаниясының инженері Гүлнәр Шеңгелбаева Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Компания атап өткендей, қазір де 10 вагон сырлауды қажет етеді.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 сәуір 2018, 12:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.