САМБО
Қостанайда 35-70 жас аралығындағы шеберлер арасында самбодан ел чемпионаты өтті.
Өткен жылы 55-59 жас аралығында (74 кг дейінгі салмақта) чемпион атағына ие болған атыраулық Марал Көшенов тағы да алтын алқаны жеңіп алды. Қазан айында ол Мароккода ардагерлер арасында өтетін әлем чемпионатында Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
ЕРКІН КҮРЕС
Болгарияның Русе қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында еркін күрестен халықаралық турнир өтті. Оған Грузия, Қазақстан, Италия, Румыния, Венгрия, Польша және басқа елдерден 100-ден астам жас балуан қатысты.
61 келіге дейінгі салмақта Атырау жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті Талғат Сырбас еліміздің абыройын қорғады. Бірінші айналымда ол грузиялық балуаннан ұтылды, бірақ ол финалға шыққандықтан, біздің жерлесіміз жұбату раундында қайтадан күресу құқығына ие болды. Сөйтіп, Талғат өз мүмкіндігін толығымен жүзеге асырды: Түркия мен Ресей өкілдерінен үстем түсті. Ал қола үшін молдавиялық бәсекелесімен күрескен кезде 3:3 есебімен нәтижелі әдіс қолданып, жеңіске жетті.
Спортшыны А. Жаманбаев пен Н.Каукенов жаттықтырады.
ГРЕК-РИМ КҮРЕСІ
Шымкентте грек-рим күресі бойынша академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. 97 кг дейінгі салмақта 28 жастағы атыраулық спортшы Илья Насточенко қола алқа иеленді.
- Біз аздап қобалжыдық: үш жыл бұрын Илья қолынан жарақат алып, содан бері жарыстарға шыққан жоқ. Сондықтан бұл ұзақ емделуден кейінгі оның дебюті еді, - дейді грек-рим күресі бойынша облыстың аға бапкері Александр Поливадов. - Илья өзін боз кілемде әлі де көрсетеді деп ойлаймын. Өйткені ол жастар арасындағы Азия чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері.
Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ