Атырау, 1 ақпан 14:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59

Велошеру – көлік жүргізушілер үшін емес

3 057 рет қаралды


30 сәуірде Атырауда қайырымдылық велошеруі жоспарланған, сондықтан сағат 10-нан 13-ке дейін бірнеше көшеде көлік қозғалысы тоқтатылады. Жалпы қашықтық ұзындығы шамамен 9 км деп белгіленген.

Шара сағат 11.00-де драма театры алдындағы алаңда басталады. Велосипедшілер бірден солға қарай Махамбет көшесінің бойымен Азаттық даңғылына шығатын үшбұрышты қиылыстан өтеді. Әрі қарай айналма қиылыста - оңға бұрылып, Әуезов көшесінің бойымен Жилгородоктағы көпірге дейін барады. Жайық арқылы өтіп – қайтадан оңға бұрылып, Владимирский көшесінің бойымен Сәтпаев даңғылына өтеді, ал мәре облыстық әкімдік алдындағы алаңда аяқталады.

Жеке ақпарат

25 сәуір 2018, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.