Атырау, 23 желтоқсан 09:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​"Абу-Даби Плазадағы" дау: Астана тұрғыны ұлттық араздық қоздырды деген айыппен сотталды

2 126 рет қаралды


Астана тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздық туғызды деген айыппен сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Астанада "Абу-Даби Плаза" құрылысындағы шетелдік жұмысшылар мен күзет компаниясы қызметкерлерінің арасындағы қақтығыс кезінде ер адам әлеуметтік желілерде заңға қайшы әрекетке шақырған делінеді. 

"Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") айыпты деп танылды. Астана тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы қалалықтарды "Абу-Даби Плаза" құрылысындағы шетелдік жұмысшыларға қарсы заңға қайшы әрекет жасауға шақырған", - деп хабарлады Есіл аудандық №2 сотының төрағасы Қанат Тобағалиұлы.  

"Ол Facebook арқылы шетелдіктерді жазалау үшін көмекке шақырған. Сот тыңдауы кезінде ешқандай арам ойы болмағанын, көрген соң жаза салғанын айтты", - деді судья.  

Астана тұрғыны сотталып, кейін шешімнің үстінен шағым түсірді.

"Ол айыпты деп танылды, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда апелляциялық инстанция істі қарау барысында жаза мерзімін бір жылға ауыстырды", - деді судья Қанат Тобағалиұлы.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 сәуір 2018, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.