Атырау, 23 желтоқсан 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Алматыда КТК телеарнасының операторы із-түссіз жоғалып кетті

1 835 рет қаралды


Алматыда КТК телеарнасының операторы Олжас Белгібаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жоғалған ер адамның әкесі хабарлады. 

Жақындарының мәліметінше, Олжас Белгібаев осымен бесінші тәулік іздестіріліп жатыр. Сенбі күні киноға кеткеннен сол күйі оралмаған. Досының айтуынша, Олжастың телефоны сөндірулі. Интернетке соңғы рет сенбіден жексенбіге қараған түні кірген. Олжас Белгібаевтің әкесі полицияға арыз қалдырғанын айтады. 

Ал әріптестерінің айтуынша, әлеуметтік желілерде хабарламалар жарияланып, іздестіру жұмыстарына еріктілер көмектесіп жатыр.


Дереккөз: tengrinews.kz

25 сәуір 2018, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.