Атырау, 23 желтоқсан 08:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​34 жастағы шымкенттік әйелін балаларының көзінше бауыздап өлтірген

Бейнежазба
2 823 рет қаралды


Шымкентте әйелін жауыздықпен өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды tvk-uko.kz.  Бұл қылмысын балаларының көзінше жасаған ер адам 15 жылға бас бостандығынан айырды. 

Оқиға 2017 жылдың 31 желтоқсанында болған. 34 жастағы Ербол Мақұлбеков әйелімен ажырасып кеткендігіне қарамастап, жиі жанжал шығарып тұрған. Ал өткен жылдың соңғы күнінде әйелін сабап тастаған. 6 жастағы қызы мен 10 жастағы ұлы да оған тоқтау болмаған. 

Бастапқыда әйелдің басын таспен жарған ол кейін бауыздап тастаған.  Әйелдің туыстары оны өмір бойына бас бостандығынан айырып, моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап еткен. Сот шағымданушының талабын ішінара қанағаттандырды. 

Соттың үкімімен сотталушы жәріберленішу тарапқа үш миллион теңге төлеуге міндеттелді.  Енді марқұмның артында қалған екі баланың мәселесін қамқоршылық органдары шешуі тиіс. Қазіргі уақытта олар туыстарының үйінде. 



Дереккөз: tengrinews.kz

24 сәуір 2018, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.