Атырау, 3 маусым 14:37
 дождьВ Атырау +18.3
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

СІМ: Торонтода қазақстандықтардың зардап шеккені туралы мәлімет түскен жоқ

1 688 рет қаралды


Қазақстанның дипломаттары жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатқан. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Торонтодағы оқиға кезінде қазақстандықтардың зардап шеккен-шекпенін тексеріп жатыр.

"Біздің Канададағы дипломаттарымыз жергілікті полициямен тығыз байланыс орнатып, Торонтода жаяу жүргіншілерді шағын автобустың қағып кетуі салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр. Осы сәтке дейін қазақстандықтар туралы мәлімет түскен жоқ", — деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Торонтода шағын автобус жаяу жүргіншілерді басып кетті – он адам қаза болды, тағы 15-сі зардап шекті.  25 жастағы жүргізуші Алекс Минассян неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. 

Дереккөз: sputniknews.kz

24 сәуір 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.