Атырау, 16 сәуір 09:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Отандық көлікке сұраныс артты

1 614 просмотра


Биыл Қазақстанда сатылған әрбір екінші көлік – отандық өнім. Осылайша бұл саладағы сауда-саттық өткен жылға қарағанда, екі есе өсті. Дәлірек айтсақ, жалпы сомасы 26 млрд теңге тұратын 5 мыңнан астам көлік өз иесін тапты.

Әсіресе, отандастарымыз Ресейдің және Оңтүстік Кореяның брендтеріне ден қойған. Бүгін бұл туралы Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының төрағасы Олег Алфёров журналистерге мәлімдеді. Автокөлік құралдарының өндірісі де екі есе артып отыр. Қаңтар-наурыз айларында 7 мыңға жуық темір тұлпар конвейерден шығарылған. Ал бұл көрсеткішке негізінен үш фактордың арқасында қол жетіп отыр. 

Олег Алфёров, Қазақстанның автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағының төрағасы: 

– Біріншіден біздің кәсіпорындар шығаратын көлік модельдері көбейді. Бүгінде қазақстандық зауыттар автокөлік брендтерінің 140-тан астам түрін өндіреді. Екіншіден «Жеңілдетілген автонесие» бағдарламасына Ұлттық қордан қосымша 8 млрд теңге бөлінді. Осылайша отандық өнімге сұраныс артты. Және үшінші фактор – ол ел экономикасының тұрақты өсімі.

Дереккөз: 24.kz

23 сәуір 2018, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.