Атырау, 29 сәуір 21:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

​Тоқмәдиді күзеткен айдауылдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

1 413 рет қаралды


Бас прокуратура өкілдері бизнесмен Мұратхан Тоқмәдиді ауруханада күзеткен айдауылдарға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, - деп хабардайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тоқмәди ауруханадан қашқан, онда жағдай басқаша. Айдауылдарға қатысты салғырттық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалып, олар жауапқа тартылды", - деді Бас прокуратураның Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы Қайрат Жақыпбаев ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Мұның алдында Мұратхан Тоқмәдидің Тараздағы ауруханадан 8 наурызда қашуға оқталуына қатысты бөлек өндіріс қозғалған еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 сәуір 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.