Атырау, 25 сәуір 19:55
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​"Шара қолданамыз" - СІМ ресейлік журналистің Қазақстан туралы айтқанына қатысты мәлімдеме жасады

2 230 просмотра

ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Соловьевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас жайында айтқанына байланысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мұндай болғанын естідік. Кейде бізбен дос, бауырлас, көрші елімізде мұндай айтылып тұрады. Бірінші кезекте біз Ресейдің ресми үніне құлақ саламыз. Елбасы мен РФ президенті Путин арасындағы келіссөз қорытындысы бәріне аян. Біздің елдер арасында қалыптасқан, конструктивті диалог бар, сыртқы істер министрліктерінің бірлескен консультациялары өтіп тұрады, сондықтан біз ресми позицияға ғана назар аударамыз", - дейді Ашықбаев журналистер сұрағына жауап беріп.  

"Мұның алдындағы жылдардағыдай, сарапшы, қоғам қараткерлері тарабынан айтылған мұндай сөздер стратегиялық ынтымақтастығымызға, екі ел арасындағы бауырластыққа іріткі салмауы үшін шара қолданамыз", - деп түсіндірді министрдің орынбасары.

Мұның алдында "Россия" арнасының тележүргізушісі Владимир Соловьев тікелей эфир арқылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысындағы Қазақстанның дауыс беруіне қатысты тікелей эфирден пікірін айтқан.  

"Біз Қазақстанмен қарым-қатынас жайлы бірдеңе білмйміз ба? Бір жерден қара мысық жүгіріп өткен шығар?" - деген еді Соловьев. "Қазақстанды және Нұрсұлтан Әбішұлын өте сыйлаймыз. Бірақ осындай қиын уақытта не болып жатқанын түсінгің келеді", - деп қорытындылаған болатын ресейлік журналист. 

Дереккөз: tengrinews.kz

17 сәуір 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.