Атырау, 19 мамыр 17:49
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Алматыда 5-сынып оқушысы сабақ үстінде қайтыс болды

1 562 просмотра


Алматыдағы №118 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру сабағы өтіп жатқан кезде бесінші сынып оқушысы қайтыс болды. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, 13 жастағы Алексей Халилов 16 сәуірде дене шынықтыру сабағына денсаулық жағдайына байланысты бармаған. 

"Ол дәлізде болды, спорт залының кіреберісінде, бала дене шынықтырудан босатылғандардың орындығында отырған. Кенет Алексей әлсіреп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, мектептке жедел жәрдем шақыртылды", - делінген релизде. 

Білім басқармасының мәліметінше, Алексей бұл мектепте 1-сыныптан бастап оқыған. Оқу барысында бірнеше рет есінен танып қалған. 

"Сынып жетекшісі баланы қарату керектігін айтып, ескерткен, алайда әжесі емханаға барып, тексерістен өтіп жүргенін айтқан. Атасы А.Р.Нартовтың айтуынша, Алексейдің қан тамырларының өткізгіштігі нашар болған. Медициналық картадағы жазбаға сәйкес, бала 2014 жылдан бері есінен танып қала берген, жүйке жүйелері дәрігеріне қаралып жүрген. Ол мектепте соңғы рет 2017 жылдың желтоқсанында есінен танып қалған, дәрігер оған ем жазып берген", - деді Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері. 

Қазіргі уақытта Алматы қалалық Жетісу аудандық Ішкі істер басқармасының өкілдері тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 сәуір 2018, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.