Атырау, 18 қыркүйек 22:04
Түнде ашық+15, таңертең +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 371.86  € 433.33  P 5.46

​Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25% дейін төмендетті

16 сәуір 17:28


16 сәуірде Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізін +/-1% мөлшерінде сақтай отырып, базалық мөлшерлемені 9,25%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. 

Тиісінше, өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер 10,25%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша 8,25% болды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингте сөйлеген сөзінде Ұлттық Банк Төрағасы  Данияр Ақышев хабарлады.

«Бұл базалық мөлшерлеменің осы жылы үшінші рет төмендеуі. Бұл шешім орта мерзімді бағалауға негізделді, онда инфляцияның ағымдағы жылдың соңына дейін және келесі жылы баяулауы, төмендейтін инфляциялық күтулер, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтастай алғанда жағымды ахуалдың сақталуы болжанды», - деді Д.Ақышев. 

Ол алдыңғы аптада Ресейдің қор және валюта нарықтарындағы құбылмалылыққа қарамастан, сыртқы сектордың орта мерзімді кезеңде іргелі факторларының әсері оң деп бағаланатынын атап өтті. Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 4 маусымда, Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланатын болады.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

352 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 10,25 пайызға төмендету туралы шешім қабылдады   630 рет қаралды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеруді шешті  968 рет қаралды

​"7-20-25" бағдарламасының серіктес банктері аталды  223 рет қаралды

Ластану себебін анықтады  656 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5