Атырау, 23 қыркүйек 21:05
Түнде ашық+14, таңертең +22
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

Жер қойнауын пайдалану комитеті экс-басшысының соты басталды

16 сәуір 16:55


Астанада инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевтың ісі бойынша сот басталды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Астананың істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков қарап жатыр.

Бұл іс бойынша 12 адам сотқа тартылған. Базарбай Нұрабаевқа 2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың наурызына дейін "мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы бірнеше рет ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған" дкеген айып тағылып отыр. Іс материалдары бойынша, ол "комитет тұрғындар мен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы 22 мұнай скважинасын жоюға өткізген тендерге қатысушы компанияның мүддесін қорғаштаған".

Базарбай Нұрабаев 2017 жылдың наурызында ұсталған. Оған Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлімі ("Бірнеше рет пара алу"), 361-бабының 3-бөлімі ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айып тағылған.

Дереккөз: azattyq.org

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

359 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Жер қойнауын пайдалану комитетінің экс-басшысы сотталды  239 рет қаралды

Елбасы Жер қойнауы және пайдалану кодексіне қол қойды  907 рет қаралды

ҚР ИДМ Комитетінің басшысы ұйымдасқан қылмыстық топ құрған - Ұлттық бюро   973 рет қаралды

​«Жер митингілері» туралы іс. Апелляция басталды. БҰҰ - салмақты ұйым  2898 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6