Атырау, 23 желтоқсан 12:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Айыппұл төлемеген жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

2 233 рет қаралды


Астанада айыппұл төлемеген жүргізушілерге көліксіз қалу қаупі төніп тұр. Елордамызда әкімшілік айыппұл бойынша борышкер көлік иелерінен техникалық құжат алынып, көліктерді айыппұл тұрағына жөнелтеді.

Қазір Астана полициясы "Борышкер-2018" жедел-профилактикалық шарасын жүргізіп жатыр.

Әкімшілік айыппұл бойынша қарызы бар тұлғаларға бұдан бұрын ескерту жасалған. 

"Айыппұлын төлемеген борышкерлерге қатысты сот орындаушыларымен бірлесе отырып мәжбүрлеу шараларын қолданып жатырмыз, яғни көліктерін айыппұл тұрағына жөнелтіп, техникалық құжатын аламыз", — делінген Астана ішкі істер департаменті хабарламасында. 

Қазір айыппұл тұрағына 53 көлік жіберілді.

Дереккөз: sputniknews.kz

16 сәуір 2018, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.