Атырау, 23 желтоқсан 12:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Теңге бағамының өзгеруі бензин бағасына әсер ете ме?

2 710 рет қаралды


Биыл көктемгі егіс жұмыстарына 375 мың тонна дизельді отын бөлініп отыр. ҚР Энергетика министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуаныш Құдайбергенов теңге бағамының құбылуы жанар-жағармай бағасына қалай әсер етуі мүмкін екенін болжады, деп хабарлайдыSputnik Қазақстан тілшісі.

"Әрине, бағам айырмасы жанар-жағармайдың соңғы бағасына әсерін тигізеді. Әсіресе, Ресейден импортталатын көлемге. Қазіргі таңда біз бензинмен толықтай қамтамасыз етілдік. Нарықтағы жағдай бензинге қарағанда дизельді отынға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін. Білмеймін енді, көре жатармыз", — деді Құдайбергенов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол қазір елімізде отын тапшылығы жоқ екенін атап өтті. 

"12 сәуірдегі мәлімет бойынша, АИ-92 маркалы бензиннің жиынтық қоры 330 мың тоннаны құрап отыр. Бұл нарық үшін жеткілікті қор. Дизельді отын бойынша жиынтық қор – 325,5 мың тонна. Жағдай тұрақты, өнімдерді сатуда шектеу байқалып отырған жоқ", — деді энергетика министрлігінің өкілі. 

Оның айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 375 мың тонна дизельді отын бөлінген.

Дереккөз: sputniknews.kz

13 сәуір 2018, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.