Атырау, 23 желтоқсан 12:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Елімізде есірткі тасымалының ірі арнасы жойылды - ІІМ

3 087 рет қаралды


Қазақстанда есірткі тасымалының ірі арнасы жойылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Кеше Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы арнайы бөлімшесінің қызметкерлерінің жедел әрекеті барысында Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, есірткі сатушыдан 1 келі героин тәркіленді», - деді ол. 

Оның атап өтуінше, дәл осындай операцияны елордалық полиция қызметкерлері де сәтті жүзеге асырған. 

«Саяжай қоғамдастығы аумағынан Астана қаласының тұрғыны ұсталды. Одан 7 келі гашиш алынды. Аталған операцияларың нәтижесінде есірткі заттарын жеткізу және тарату арнасының бүкіл тізбегі әшкере болды», - деді Алмас Садубаев.

Дереккөз: inform.kz

13 сәуір 2018, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.